Dara

Құпиялылық саясаты

ЮРИСТ: см. комментарий в privacy.ru.md. Казахская версия обязана совпадать с русской по смыслу; расхождение текстов — это два разных обязательства перед пользователем.

Деректерді кім өңдейді

Оператор — Dara (dara.study), ҰБТ-ға дайындық платформасы. Деректерді өңдеу жөніндегі сұрақтар: privacy@dara.study.

ЮРИСТ: заңды тұлғаның толық атауы, БСН, заңды мекенжайы.

Қандай деректерді жинаймыз

Деректер Не үшін
Аты-жөні, электрондық пошта Есептік жазба; оларды кіру кезінде Google не Apple береді
Телефон нөмірі Куратор мен менеджердің оқушымен байланысы
Сынып, қала, мектеп, бейінді пәндер, мақсатты балл және ЖОО Курстар мен лентаны іріктеу
Оқу үлгерімі: сабақ қаралымдары, «өтілді» белгілері Оқушыға және ағын кураторына прогресті көрсету
Техникалық деректер: құрылғы түрі, қосымша нұсқасы Жұмысқа қабілеттілік және қателерді талдау

Нақты геолокацияны, контактілер тізімін және галереяға қолжетімділікті сұрамаймыз.

Қандай негізде

Өңдеу сіздің келісіміңіз негізінде жүреді: оны тіркелу кезінде және курсқа өтінім жіберген кезде бересіз. Келісімді есептік жазбаны жою арқылы кері қайтаруға болады.

Кәмелетке толмағандар

Өнім 9–11 сынып оқушыларына арналған. Оқушы 18 жасқа толмаған болса, деректерді өңдеуге келісімді ата-анасы немесе заңды өкілі береді.

ЮРИСТ: ата-ана келісімін растау тәсілін сипаттау (Q9).

Деректерді кімге береміз

Алушы Нені алады Не үшін
Google, Apple Кіру фактісі; есептік жазба деректері солардан Құпия сөзсіз кіру
Sentry Қате туралы техникалық мәліметтер Ақауларды талдау
Firebase Cloud Messaging Құрылғы идентификаторы Хабарламалар жіберу

Оқушылардың деректері сатылмайды және жарнама желілеріне берілмейді.

Қайда және қанша сақталады

Деректер платформаға қызмет көрсететін серверде сақталады.

ЮРИСТ: сервердің орналасқан елін көрсету — ҚР заңының дербес деректерді локализациялау талабы (Q5).

Оқу деректері есептік жазба белсенді болғанша және жойылғаннан кейін бір жыл сақталады. Қызметкерлер әрекеттерінің журналы — екі жыл. Техникалық журналдар — 90 күн.

Сіздің құқықтарыңыз

Деректеріңіздің көшірмесін сұрауға, оларды түзетуге немесе есептік жазбаны жоюға болады. Сұранысты privacy@dara.study мекенжайына жіберіңіз — заңда белгіленген мерзімде жауап береміз. Есептік жазба прогресімен бірге жойылады.

ЮРИСТ: сұранысқа жауап беру мерзімі және өтініш берушінің жеке басын растау тәртібі.

Саясаттың өзгеруі

Өзгерістер туралы осы бетте хабарлаймыз. Соңғы өзгеріс күні беттің жоғарғы жағында көрсетіледі.